«Қош келдің, Әз-Наурыз»

Тақырыбы: Қош келдің, Әз-Наурыз

Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күнінде халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыз түркі халқының ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету ; оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезім ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлей дамыта оқытып үйрету; елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.

Барысы:

І. Ұйымдастыру.

Мерекелік ән ойналды.

ІІ. Өткізілу барысы.

Жүргізуші Жасқайрат елінің халқын Наурызға арналған өлең жырларын оқыды. Мерекенің батасы деп ұлы билеріміз- Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би өздерінің баталарын берді. Әжеміз Асаинова М.Д той шашуын шашты. Кейін мектеп директоры Орумбаева Д.Ж., Жанабет ауылдық округінің әкімі Умаров Р.Ж. мерекемен құттықтады. Ауыл үлкендері Асаинов А.Қ. мен Аушахманова Ж.К. ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады. «Балбөбек» шағын орталықтың бүлдіршіндері ән айтып, би биледі. Мектеп оқушылары: Жусупова А., Мусенова А., Қайниденов М. әндерімен тамсандырды. Салт-дәстүр де сахнада тамашаланды. орта буын, ұстаздармен бірлесіп «Келін түсіру» рәсімін көрсетсе, бастауыш сынып оқушылары «Тұсау кесу» салтын көрсетті. 513 514

Сонымен қатар Жаңабет ауылдық мәдениет үйінен мерекелік әндерін сыйға тарту етті. Қазақтың ұлттық «Наурыз көжесінен» дәм татты. Ұлттық дастархан жайылды. Қазағымның ұлттық ойындарымен жалғасын тапты. Онда арқан тартыс, қол күрес, гир көтеру өткізілді.