41

Ел игілігіне қызмет еткен ...

Елбасымыз Н.Назарбаев биылғы жылғы Жолдауында атап көрсеткен жеті бағыттың ішінде ауылшаруашылығын дамыту үшін «Агрөнеркәсіп кешенінің инновациялық жолға көшуін қамтамасыз ету» атты ұзақмерзімді басымдықтарды белгілеген болатын. Бұл дегеніміз ауылшаруашылығында бизнестің дамуына кедергі келтіретін тосқауылдар жойылып, фермерлер ұзақ мерзімді қаржыландыруға қол жеткізе алады, ауылдың болашағының еңселі болуына жол ашады деген сөз.
Жасқайрат ауылында тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған «Бейсембаев» шаруа қожалығының басшысы Нұратай Темірболатұлы Бейсембаев және ауылымыздың өркендеуіне үлесін қосып келе жатқан азамат «Дүйсембеков» шаруа қожалығының басшысы Серік Қабиұлы Дүйсембеков мектеп оқушыларына да қол ұшын беріп, әр балаға қуаныш сыйлай біледі. Ел игілігіне қызмет етіп келе жатқан белді азаматтарымыздың қолдауымен мектеп оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылды. Сонымен қоса, жаңа жылдық мереке қарсаңында мектеп оқушыларына ақшалай сыйлықтарын табыс етті.
«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демекші, осы азаматтарымыздың жасап жатқан жақсылықтарына мектеп оқушылары, ата-аналар атынан алғыс білдіреміз. Отбасыларына бақ-береке, дендеріне саулық, еңбектеріне жеміс тілейміз.
Жасқайрат ауылының
ата-аналары