41

АТА-АНАЛАРҒА АҚПАРАТ

 

«Мектепке жол»  акциясы басталды

        Биылғы жаңа оқу жылына дайындық ретінде 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін республика көлемінде «Мектепке жол»  акциясы жарияланды.  Мақсаты – аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім және ата-ана қамқорлығынан айрылған оқушыларды мектепке барар алдындағы дайындықтарына қолдау көрсетіп, киім-кешек  және кеңсе тауарлары сынды қажетті оқу құралдарын сатып алуға көмек беру.

«Мектепке жол» акциясы аясында Жасқайрат НМ-де аз қамтылған және көп балалы отбасыларға мектеп тарапынан көмек көрсетілді. Акция айлығы барысында мектепте стенд жасақталып, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға «Мектепке жол» акциясы туралы мәлімет беріліп, ақпаратпен алмасты. Аз қамтылған отбасылардың балаларына 1 мектеп формасын және 2 спорт киімі, көп балалы отбасына 1 спорт киімі берілді. Көмек «Жаппай оқу қорынан» бөлінген қаражат есебінен алынды.

Priority= Priority=/style

 

 

* * *

 

Республикалық оқу-сауықтыру орталығы «Балдәурен»

 

«Балдәурен» -қазақ тілінде бақытты балалық шақ деген мағынаны білдіреді. Республикалық оқу-сауықтыру орталығы Балдәурен – бұл оқу-педагогикалық және сауықтыру істерін ұйымдастырумен айналысатын орталық. «Балдәурен» РОСО еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі Бурабай курорты аймағында Щучье көлінің жағасында орналасқан. Бұл орталық тікілей мемлекетіміздің басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылды.

Орталыққа бір ауысымда 350 оқушы келеді. Балалар үшін қазіргі заман талабына сай жабдықталған бөлмелер және техникалық құрылымдармен жабдықталған сыныптар бар. Сауықтыру және профилактикалық іс-шаралар: массаж, су процедуралары, емделу ванналары, сауна, коктель және қарайлы таза ауа. Балалар үшін тақырыптық ауысым жоспарын жасайтын және өткізілуін қамтамасыз ететін орталықтың ең негізгі құрылымдық бөлімдерінің бірі – тәрбие кешені. Тәрбие кешенің негізгі жұмыс міндетінің бірі – уақытша құрылған балалар бірлестіктері жағдайында – жағымды жағдайлар және психологиялық ахуал, шығармашылық атмосфера туғызу, қоғамдық өмір құндылықтары: мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу және қоғамдағы әр баланың тұлғалық өсіп жетілуіне әсер ету. Осы жұмыстардың нәтижесін балалардың үйлеріне қайтардағы сөздерінен байқауға болады. Олар кетерде осы жерге қайта келгілері келетіндіктерін және өз ұйымдастырушы ұстаздарын сондай қатты жақсы көріп, ұнатып қалғандықтарын айтып, хат жазып хабарласып тұруларын өтінеді, қайтсе де қайта кездесу мүмкіндіктерін қалайтындықтарын айтып, қимай қоштасып жатады.