Жасқайрат негізгі мектебінің 2019 жылғы 1 қаңтардағы қаржылық көрсеткіші
Жасқайрат негізгі мектебінің 2019 жылғы 1 қаңтардағы қаржылық көрсеткіші
1-желтоқсан Президент күніне арналған іс-шара
Президент күніне орай «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы » атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік шара мектебіміздің директоры Д.Ж.Орумбаеваның құттықтау сөзінен басталды. Концерттік бағдарлама оқушылардың ән-шашуымен жалғасты. 3-сынып оқушысы Габитова Руфина елбасының құрметіне «Ағатайым-ай» әнін орындады. Ал бастауыш сынып оқушылары президент жайлы тақпақтарын мәнерлеп оқыды. Шағын орталығындағы бүлдіршіндер қазақ биін мың бұрала биледі. Кайниденов Мағжанның «Қазағым» мен Аушахманов Нияздың «Жаным қазақ» әндері барша қауымға патриоттық сезім ұялатқаны анық. Мерекелік концерт мектеп оқушыларының орындаған «Нұр аға» әнімен аяқталды.
Жасқайрат негізгі мектебінің 2018 жылғы 1 қазандағы қаржылық көрсеткіші
Білім беру ұйымдарының қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері 2018 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша
Основные показатели финансовой деятельности организации образования по состоянию на 01 Октября 2018г.
Халықаралық қыздар күнінің республикалық он күндігіне орай өткізілген іс-шара
Жасқайрат негізгі жалпы білім беретін мектебінде 4-13 қазан аралығында Халықаралық қыздар күнінің республикалық он күндігіне орай 1-7 сынып қыз балалары арасында іс-шаралар өткізілді. Іс-шараға жалпы 8 қыз қатысты.
9 қазан күні мектебіміздің медбикесі Киндирова В.Н. 3-7 сынып қыздары арасында «Жасөспірім қыздар арасындағы мәселе» тақырыбында әңгіме өткізді.
11 қазан күні 1-7 сынып қыздарымен Тусупханова Р.С. «Шаш өру қазақ қызына тән әдептілік» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатында қазақ қызына тән мінез-құлықты дәріптеп, салт-дәстүрімізді білу және құрметпен қарау керек екендігі айтылды.
12 қазан күні дене шынықтыру пәні мұғалімі Тоендыков Е.Е. 1-7 сынып қыздарымен спорттық ойындар өткізді.
13 қазанда бастауыш сынып қыз балалар арсында сұлулық конкурсы өткізілді.Конкурсқа жауапты Адам Н.Ж. және Актасова Б.С. болды.Конкурсқа 3 қыз қатысты. Жеңімпаз 3-сынып оқушысы Бақтияр Айдана атанды. Осы конурс ішінде «Family day»жобасы аясында «Үйдегі рецепт» тақырыбында қыздар өз тағамдарын ұсынды.